Су тасқынына қарсы іс-шаралары ерекше бақылауда тұр

Су тасқынына қарсы іс-шаралары ерекше бақылауда тұр

06.02.2023 жылы Зайсан ауданының ТЖБ Зайсан ауданының прокурорының м.а. Д.Альсеитовтың төрағалығымен Зайсан ауданы әкімінің орынбасары Р.Тауасаров қатысуымен өткен ведомствоаралық кеңеске қатысты.

​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ Күн тәртібінде Зайсан ауданы аумағында жергілікті атқарушы органдардың су тасқынына қарсы іс-шараларына дайындық бойынша қабылданып жатқан шаралар мен заңдылықтың жай-күйі туралы мәселесі қаралды. Зайсан ауданының жерігілікті атқарушы және төтенше жағдайларлар бөлімінің алдағы су тасқынына дайындығы туралы ақпараты тыңдалды. Зайсан ауданының прокурорымен төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша бірқатар тапсырмалар беріліп, жергілікті жерлерде ведомствоаралық өзара іс-қимылды күйшейту тапсырылды