Құтқарушылар мен дәрігерлердің шұғыл көмегі қажет болды

Құтқарушылар мен дәрігерлердің шұғыл көмегі қажет болды

Зайсан ауданының Айнабұлақ ауылдық округінде қол жетпейтін жерде орналасқан Ашылы қыстауындағы науқасқа дәрігерлердің шұғыл көмегі қажет болды. Осы жерге тек жол талғамайтын техникамен ғана жетуге болатын еді. "КУНГ" автокөлігімен ШҚО ТЖД 25-ӨСБ қызметкерлері қыстақтағы ер адамға алғашқы медициналық көмек көрсеткен "103" қызметінің екі дәрігерін жеткізді. Содан кейін құтқарушылар дәрігерлермен бірге науқасты жақын маңдағы аудандық ауруханаға жеткізді.
Төтенше жағдай кезінде 112 нөмірі бойынша хабарлау қажет.