Шығыс Қазақстанда «ҚЫС-2022" РКШО-ның екінші кезеңі өткізілуде

Шығыс Қазақстанда «ҚЫС-2022" РКШО-ның екінші кезеңі өткізілуде

ШҚО ТЖД Дағдарыс орталығында "ҚЫС-2022" Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы аясында штаб ашылып, жедел топ және азаматтық қорғау қызметтері басшыларының баяндамалары тыңдалды. Штабтық жаттығу күштер мен құралдарды дайындыққа келтіру, басқаруды ұйымдастыру, жағдайдың деректерін жинау, жинақтау және талдау, сондай-ақ қыс мезгілінде қиын метеорологиялық жағдай болған кезде зардаптарды жоюға шешім қабылдау мәселелерін дәйекті пысықтаумен өткізілді.

Жергілікті басқару органдары, ТЖ жөніндегі комиссия, МЗ қызметі деректерді талдауды жүзеге асырды, шешімдер қабылдау және төтенше жағдайлардың туындау қаупін жою жөніндегі іс-қимыл нұсқаларын жоспарлау үшін ұсыныстар дайындады. "Шартты" ТЖ жоюға тартылатын азаматтық қорғау қызметтерінің техникасы тексерілді. Олардың ішінде құтқарушылар, жол және авариялық қызметтер техникасы бар.

"ҚЫС-2022" РКШУ азаматтық қорғау қызметтері мен құралымдарының кәсіби дағдыларын арттыруға мүмкіндік берді. Нақты жағдайларда өңірде болуы мүмкін төтенше жағдайды пысықтау, шешімдер қабылдау және оны жою бойынша азаматтық қорғау күштері мен құралдарының үйлесімділігі", - деп атап өтті ШҚО ТЖД бастығының орынбасары Серік Амангелдин.