«Жабық есік» операциясы

«Жабық есік» операциясы

ШҚО ТЖД қызметкерлеріне апта сайын кіреберіс есіктерінің жабылып қалғаны немесе жалғыз басты қарт азаматтардың келген туыстарына өз бетінше есігін аша алмаған кезде көмек туралы дабылдар келіп түседі. Ағымдағы жылдың басынан аймақтың ТЖ қызметі көмекке келіп, 64 есікті ашқан.

Соңғы жағдайлар осы аптада Өскеменде болды. Өтепов көшесінде тұратын қарт әйел құтқарушыларға жүгінді. Оның есігі жабылып қалған екен. Қанш тырысса да ол есігін аша алмаған. Оқиға орнына жедел келген Мамандандырылған жасақ қызметкерлері құтқару арқанының көмегімен пәтердің терезесіне түсіп, ішке кіріп, есікті ашып берді. Нұрсұлтан Назарбаев көшесінің бойында есіктің ар жағында қарт әйел қалып қойған еді. Құтқарушылар терезеге 3 буынды сатының көмегімен кірді.

"Көбінесе қамалып қалған адамдар үшін өз үйі нағыз тұзаққа айналады. Барлық осы жағдайларда құтқарушылар азаматтарға осы күрделі жағдайдан шығуға көмектеседі, ағымдағы жылы Шығыс Қазақстанда 31 адам құтқарылды", - деп атап өтті ШҚО ТЖД бастығының орынбасары Арман Тоқанов.

Әдетте, зардап шеккендер-қарт азаматтар немесе үйде жалғыз қалған кішкентай балалар, қағылған есік пен қоңырауларға жауап бермейді. Адамдар түрлі себептер бойынша жедел медициналық жәрдем қызметкерлері мен туыстарына есікті өздері аша алмайтын жағдайлар да болады. Мұндай жағдайларда көмек дереу көрсетіледі. Көп жағдайда құтқарушылар баспалдақтың немесе альпинистік жабдықтың көмегімен терезе арқылы бөлмеге кіреді.

ШҚО ТЖД еске салады: жалғыз тұратын қарт туыстары барлардың барлығы:

Есіктің ішінен ашуға болатын кез-келген ысырмалар мен ілмектерді алып тастаған жөн. Бұл механизмдер сізге пәтерге кіруді қиындатуы мүмкін. Кішкентай балалары бар адамдарға тек кілтпен жабуға болатын құлыптарды орнату ұсынылады. Егер сіздің өміріңізге қауіп төнсе немесе адам зардап шегуі мүмкін оқиғаның куәсі болсаңыз, 112 нөміріне қоңырау шалыңыз.