Күршім ауданында "Марқакөл орман шаруашылығы" РММ, Бобровка орманшылығы және Төсқайың ауылдық округі аумағында шөптер, бұталар, ағаштар өртенді. Өрттің алдын-ала аумағы 1 800 га құрайды, жақын жерде орналасқан елді мекендерге қауіп жоқ. Өртке қарсы күреске ШҚО ТЖД өрт сөндірушілерінің, орманшылардың және жергілікті атқарушы органдардың, полиция қызметкерлерінің 278-ден астам адамы мен 34 техникасы жұмылдырылды. Өртті сөндіру қиын таулы жерлермен, ауа райы жағдайларымен күрделенген, сондықтан суағар құрылғылары бар 3 тікұшақ тартылды. Барлығы 18 су ағызылды. Елді мекенге қауіп жоқ. Сөндіру жұмыстары жалғасуда.
Алтай ауданында "Зырян орман шаруашылығы" КММ және "Быков орманшылығы" аумағындағы бұталар мен шөптерді жергілікті атқарушы органдар, орманшылар, "Қазавиаорманқорғау", ШҚО ТЖД өрт сөндірушілері таулы жерлерде 1400 Га алдын ала алаңда сөндіруді жалғастыруда. Елді мекендерге қауіп жоқ. ШҚО ТЖД-да және өрт болған жерде жедел штабтардың жұмысы ұйымдастырылды. Жоюға барлығы 350-ден астам адам мен 33 техника жұмылдырылды.
Катонқарағай ауданында, Алтынбел ауылынан 12 км, "Большенарым орман шаруашылығы" КММ, Ново-Березовка орманшылығының аумағында орман аймағында бұта, құрғақ шөп өртенеді, алдын ала ауданы 1900 Га. елді мекендерге қауіп жоқ. Жоюға 350 адам және 27 бірлік техника, ШҚО ТЖД, орман шаруашылығы, ЖАО, халық, полиция жұмылдырылды. МИ-2 және МИ-17 тікұшақтары тартылды.
Құйған ауылдық округі аумағында шөп пен бұталар өртенді, өртті сөндіру жетуі қиын жерлерде болғандықтан қиындық тудыруда, алдын-ала алаңы
200 Га. орман аймағында өрттің таралуы 17,5 Га алаңда тоқтатылды, өрт тек дала аймағында ғана жалғасуда. Елді мекендерге қауіп жоқ. Жоюға ШҚО ТЖД, орман шаруашылығы, ЖАО, полицияның 70-тен астам адамы мен 18 техникасы жұмылдырылды.