Шығыс Қазақстан облысының құтқарушылары полиция және еріктілермен бірлесіп су айдындарында профилактикалық рейдтерді жалғастыруда. Рұқсат етілмеген жерлер мұқият назарға алынған.
Жаз басынан бері жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында 2000-нан астам рейд жүргізілді. "2022 жылдың басынан бері су айдындарында 10 адам суға батып кетті, оның 7-і суға шомылу кезеңінде. Өңірдегі профилактикалық рейдтердің нәтижелері бойынша "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" ҚР Кодексінің 440-бабы бойынша "алкогольдік ішімдіктерді ішкені немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келгені" үшін 47 азамат, "ортақ су пайдалану қағидаларын бұзғаны" 364-бабы бойынша 48 бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
«Айта кету керек, әсіресе мас азаматтарды әкімшілік жауапкершілікке тарту жоғарыда аталған азаматтардың суда қаза болуының алдын алуға мүмкіндік берді», - деп атап өтті ШҚО ТЖД бастығының орынбасары Арман Тоқанов.
Соңғы жазатайым оқиға 2022 жылғы 14 тамызда Өскеменде тіркелді, Ертіс өзенінің ағысында жабдықталмаған жерде шомылу кезінде 1993 жылы туған ер адам суға кетті. Белгілі болғандай, ол өзенде екі досымен уақыт өткізіп жүрген кезде, алысқа жүзіп, өздігінен шыға алмады. Достары оны құтқаруға тырысты, алайда олар құтқара алмады. Құтқарушылар іздестіруді көзбен қарау және суға сүңгу арқылы жүргізілді. Суға батқан адамның денесі 15 тамызда жағадан 20 метр қашықтықта шамамен 10 сағат 50 минутта табылды. Осы учаскеде құтқарушылар бұдан бұрын мұнда қауіпті және суда болуға тыйым салынғаны туралы ескерту белгісін алдын ала орнатқан, алайда бұл демалушыларды тоқтатпады, нәтижесінде апат болды.
ШҚО ТЖД азаматтарға тек жабдықталған жағажайларда шомылу қажет екенін еске салады. Ешқандай жағдайда өз өміріңізге қауіп төндірмеңіз. Тыйым салу белгілері су түбінің сүңгуірлермен тексермегенін, терең болуын, түбінде адамның денсаулығы мен өміріне қауіп төндіретін заттар немесе шұңқырлар, тереңдігі төрт және одан да көп метрге дейінгі жартастар болуы мүмкін екенін көрсетеді. Ешқандай жағдайда алкогольді ішімдік ішпеңіз. Шектеу қалтқыларынан ары жүзбеңіз. Өз күшіңізді есептеңіз. Төтенше жағдай кезінде 112 нөмірі бойынша хабарлаңыз.
ШҚО ТЖД