Бес қабатты ғимаратта өрт кезінде 10 адам құтқарылды, соның ішінде 4-і бала

Бес қабатты ғимаратта өрт кезінде 10 адам құтқарылды, соның ішінде 4-і бала

2022  жылғы 11 шілдеде  Өскемен қаласы Тимирязев көшесінде бес қабатты үйдің 3-қабатында орналасқан пәтерде өрт болды.

Оқиға орнына жеткен өрт сөндіру қызметінің қызметкерлері тұрғындарды көшіруге кірісті.  Жоғарғы қабаттардан адамдар лифт көмегімен түсті. Барлығы 10 адам құтқарылды, соның ішінде 4-і бала. 

Өрт жалпы ауданы 35 ш.м. жойылды.

Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Өрттің шығу себебі анықталуда.

Жоюға жеке құрамнан 25 адам және 8 бірлік техника жұмылдырылды.

ШҚО ТЖД Өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау туралы ескертеді:

- бір розеткаға бір уақытта бірнеше қуатты энергия тұтынушыны қоспаңыз - бұл электр желісіндегі шамадан тыс жүктеме мен жануға әкелуі мүмкін;

- ақаулы ажыратқыштарды, розеткаларды және электр сымдарын уақтылы ауыстырыңыз;

- қоқыс құбырына немесе балконнан сөндірілмеген темекі тұқылдарын лақтырмаңыз;

- төсекте темекі шегуге болмайды. Сөндірілмеген темекі тұқылдары мен сіріңкелер – өрт себептерінің бірі екенін есте сақтаңыз;

- балаларға отпен ойнаудың қауіптілігін түсіндіріңіз, өрт қауіпсіздігі ережелерін үйретіңіз, өрттің ықтимал салдары туралы айтып беріңіз;

- көшіру жолдарын үй тұрмысындағы заттармен үйіп тастамаңыз;

- электр плиталарын пайдалану ережелерін сақтаңыз.

Әрқашан отпен абай болыңыз!

Өрт шыққан жағдайда дереу «101» нөміріне қоңырау шалыңыз