Жабдықталмаған жерде суда шомылу тағы бір өлімге әкелді

Жабдықталмаған жерде суда шомылу тағы бір өлімге әкелді

Семей қаласында 20 маусымда Ертіс өзенінде 1985 жылы туған ер адам жабдықталмаған жерде суға батып кеткен. ШҚО ТЖД Жедел құтқару жасағының сүңгуірлері күшімен іздестіру жұмыстары жүргізілді. 21 маусымда 10 сағат 57 минутта іздеу тобы судан 40 метр қашықтықта, шамамен 5 метр тереңдікте мәйітті тапты.
Құтқарушылар атап өткендей, су қоймасындағы бұл жер терең шұңқырлар көп болған және қауіпсіздік шараларына сай келмеген. Сонымен қатар, ТЖ қызметкерлері осы учаскеде полициямен бірлесіп тұрақты негізде рейдтер жүргізеді. Рейдтер нәтижелері бойынша спирттік ішімдіктер ішкені үшін 440-бап бойынша 3 әкімшілік материал және әкімшілік құқық бұзушылық туралы ҚР Кодексінің 364-бабы бойынша ортақ су пайдалану қағидаларын бұзғаны үшін 10 хаттама жасалды.
ШҚО ТЖД азаматтардан құтқарушылардың ұсыныстарына немқұрайлы қарамауды және көмекке құтқарушылар мен дәрігерлер жедел келетін жабдықталған жағажайларды ғана таңдауды сұрайды.
Төтенше жағдай кезінде 112 нөмірі бойынша хабарлаңыз.