
2 сәуірде сағат 13: 25-те Катонқарағай ауданында "Согорное-Барлық" автожолында, он алтыншы шақырымда қар көшкіні өздігінен жүрді. Қардың жалпы көлемі 2400 текше метрді құрады, ал қар массасы жолды толығымен жауып тастады. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. ШҚО ТЖД Шығыс Қазақстан тұрғындарына 4 сәуірге дейін болуы мүмкін көшкін қаупі туралы ескерту жөнінде хабарлайды. Осыған байланысты сіз тауға сапар шегуден және серуендеуден бас тартып, көшкін қаупі бар жерлерден өткен кезде абай болыңыз. Төтенше жағдай туындаған жағдайда "112"нөміріне қоңырау шалыңыз.