Семей қ. ТЖБ МӨББ қызметкерлері білім беру мекемелерінде үнемі түсіндіру дәрістерін, ашық сабақтар, өрт қауіпсіздігі бойынша викториналар, сондай-ақ өрт туындаған жағдайда эвакуациялау бойынша жаттығулар өткізеді.
№ 15 жалпы орта білім беретін мектептің 4 сынып оқушыларымен Өрт қауіпсіздігі бойынша кезекті Ашық сабақ өткізілді. Ашық сабақ барысында балалар жұмбақтар шешіп, өрт қауіпсіздігі бойынша сұрақтарға жауап берді, телефон нөмірлері мен өртке қарсы қызметті шақыру тәртібін атады, ал сабақ соңында мектептегі өрт кезіндегі тәртіп ережелерін қайталады.
Өрт қауіпсіздігі бойынша сабақтар балаларға қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін тәрбиелеуге, отты абайлап қолдану дағдыларын үйретуге мүмкіндік береді. Балалар өрт қауіпсіздігінің белгілі ережелерін, төтенше жағдай туындаған кезде дұрыс әрекет ету алгоритмін біледі немесе бекітеді.
Сабақ барлық балалар үшін «Сіріңке балаларға ойыншық емес» деген ережемен аяқталды
Семей қ. ТЖБ МӨББ