ШҚО құтқарушылары тұрғындарға пешті жылыту маусымына дайындауға көмектесуде

ШҚО құтқарушылары тұрғындарға пешті жылыту маусымына дайындауға көмектесуде

Тарбағатай ауданында 50-ге жуық үйдің иелеріне құтқарушылар тұрғын үйлердің пештерін ретке келтіруге көмектесті.

Алдын алу және ұсынымдардан басқа ТЖ қызметінің мамандары пештегі жарықтарды бітеп және қысқы кезеңге пешті дайындауға көмектесті.

Құтқарушылар Шығыс Қазақстандағы 82 мыңнан астам үйді аралап шықты.

Әр үй иесіне олар пешті қауіпсіз пайдалану ережелері бар ұсыныстар берді.

Өткен жылыту маусымында өңірде 76 адам зардап шекті, олар құтқарушылардың ескертулерін елемеген.

Жақын арада ШҚО ТЖД қызметкерлері жалғыз басты қарттар, мүгедектер мен көп балалы отбасылар тұратын әлеуметтік осал отбасыларға улы газ датчиктерін орнатады. Алдын алу рейдтерінде құтқарушыларға қоғамдық ұйымдардың еріктілері белсенді көмектеседі. Алайда, халыққа түтіндіктерді мұқият тазалау, жарықтарды бітеу және жапқыштарды пайдаланбау қажет. ҚР заңнамасына сәйкес өрт қауіпсіздігі үшін үй иесі жауапты. Сондықтан, егер сіз бұзушылықтарды жою үшін қамданбасаңыз  жағдай тағы бір қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін.