Азаматтық қорғау қызметтерінің кәсіби мерекесіне орай салтанатты шара

Азаматтық қорғау қызметтерінің кәсіби мерекесіне орай салтанатты шара

Құтқарушылар күнін мерекелеу шеңберінде 2021 жылғы 15 қазанда Риддер қаласы әкімдігінің мәжіліс залында азаматтық қорғау қызметтерінің кәсіби мерекесіне арналған салтанатты іс-шара өтті. Қала әкімі  Д.А. Горьковой барлық құтқарушыларды келе жатқан мерекемен құттықтап, олардың жұмысына оң баға берді.

Қызметтік міндеттерін адал атқарғаны және жедел-қызметтегі үздік көрсеткіштері үшін ерекше көзге түскен қызметкерлер грамоталармен марапатталды: 14-ӨСБ бөлімше командирі азаматтық қорғау аға сержанты   С. С. Кичаев, 14-ӨСБ өрт сөндіруші-құтқарушысы азаматтық қорғаудың кіші сержанты А. М. Тұрсынғалиев, 1-МӨСБ бөлімше командирі азаматтық қорғау старшинасы Ж. Г. Жуатқанов, 1-МӨСБ өрт сөндіруші - құтқарушысы азаматтық қорғаудың  кіші сержанты А. В. Шутий, ТЖБ бас маманы  Ж. Б. Жакитова.