ШҚО құтқарушылары улы газға қарсы зомби челленджін өткізді

ШҚО құтқарушылары улы газға қарсы зомби челленджін өткізді

ШҚО құтқарушылары форманы  зомби костюміне ауыстырды. Өңірде жылу беру кезеңінде қауіпсіздік шараларын сақтауға назар аудару үшін осы челленджді іске қосты. Тұрғын үй секторында профилактикалық рейдтер мен нұсқамалар жүргізу кезінде улы газбен улану және өрт оқиғаларын болдырмау үшін, зомби киген ШҚО ТЖД мамандары пешті жөндеу және өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу қаншалықты қауіпті екенін айтты. «Зомби» - пештерді дұрыс пайдаланбаған жағдайда қауіпті газбен уланғаннан кейінгі адамдар мен иелердің жағдайын бейнелейді. Рейдті тиімді өткізу үшін ШҚО ТЖД қызметкерлері арнайы құрал - газ талдағышты қолданды, осы жабдықтың көмегімен үйлерде улы газдың шоғырлануын тексерді.
      ШҚО ТЖД-да аталған костюм акциясы, челлендждің кездейсоқ ұйымдастырылмағаны түсіндірілді, Халықпен жұмыс кезінде улы газбен улану проблемасына қалай байыпты қарау керектігін сөзбен жеткізу мүмкін емес, сондықтан «іске» көрнекі мысалдар мен жарқын костюмдер қосылды. Мұндай ерекше тәсілге азаматтардың қызығушылығын мемлекеттік өрт бақылау инспекторлары өздерінің профилактикалық мақсаттары үшін пайдаланды.
     ШҚО ТЖД құтқарушылары оқиғалар мен жазатайым оқиғалардың статистикасы емес, олардың креативті тәсілі пештерді пайдалану кезеңінде халықтың улы газбен улану проблемасын жояды деп үміттенеді.
      Өткен жылыту маусымында Шығыс Қазақстанда 90 адам зардап шекті,  өңірде алғашқы салқындау басталғаннан бері улы газбен уланудан 3 адам зардап шекті.

Құтқарушылар өз өмірінді сақтау үшін пештерді пайдалану кезінде келесі ережелерді сақтау керектігін ескертеді:

 - жылыту пештерінің түтін құбырлары, түтіндіктері және басқа да элементтері тікелей жылу беру алдында, сондай – ақ жылыту маусымы кезінде жылыту пештері -  кемінде үш айда бір рет, үздіксіз жұмыс істейтін пештер- кемінде екі айда бір рет күйеден тазартылады;

- түтін арналары өтетін шатырларда және үй-жайларда барлық түтін құбырлары мен қабырғалары әктеледі;

Құтқарушылар өз өмірінді сақтап қалу үшін пештерді пайдалану кезінде мына ережелерді сақтау қажет екендігін ескеретеді:

- түтін каналдары өтетін сарай мен үй-жайлардағы  барлық түтін құбырлары мен қабырғалар ақталу керек.

- жылыту пешінің алдында көлемі 50*70 см металлдан жасалған  парақ болуы тиіс;

- қызған күл мен қожды оттықтан шығарғаннан кейін арнайы бөлінген орынға шығарып, сумен сөндіріледі.

Жылыту пешін қауіпсіз пайдаланудың маңызды факторы болып жылыту пешін дұрыс орналастыру табылады. Сондай-ақ, жылыту пешінде жанғыш құрылымдардан нормалармен белгіленген өртке қарсы бөлініс (шегініс) болуы керек.