ШҚО ТЖД қызметкерлері кілтке жабылып қалған пәтерлерден 340 адамды құтқарды

ШҚО ТЖД қызметкерлері кілтке жабылып қалған пәтерлерден 340 адамды құтқарды

Құтқарушылар жыл басынан бері 340-тан аса жабылып қалған пәтерлердің есігін ашып көмекке келген. Шығыс Қазақстан облысы ТЖД бөлімшелері осыған ұқсас авариялық-құтқару жұмыстарын күнделікті жүргізеді. "Біздің тәжірибемізде балалар, қарттар және ұмытшақ пәтер иелері жабылып қалған есіктің арғы жағында қалып қойған жағдайлар жеткілікті. Кейбірінің есігі жабылып қалса, ал кейбірі тіпті келеңсіз жағдайларға тап болып жатады. Көбінесе құтқарушылардың көмегіне жалғызбасты қарттар, жалғыз қалған кішкентай балалар мұқтаж болады. ТЖД бөлімшелері адам өміріне қауіп төнген кезде, әр минут санаулы кезде ғана есікті ашады. Өмірге қауіп дегеніміз - бұл пәтердің ішінде есікті өз бетінше аша алмайтын адамдардың (кішкентай бала, қарт адам, мүгедек және т.б.) болуы. Сондай – ақ, жарылыстың себепкер болуы ықтимал қосулы қалған электр жабдықтары, газ қондырғылары, жылыту құралдары", - деп атап өтті ШҚО ТЖД "ӨСжАҚЖҚ" ММ бастығының орынбасары Болат Нұрдыбаев. Абырой болғанда барлық құтқару жұмыстары сәтті аяқталды. Қауіпсіздік мақсатында ШҚО ТЖД құтқарушылары мынаны ескертеді: егер сіз пәтерден шыққыңыз келсе, есік жабылмауы үшін барлық шараларды қолдану қажет. Жалғыз тұратын туыстары бар барлық адамдар есіктің ішінен ашуға болатын кез-келген ысырмалар мен ілмектерді алып тастаған жөн. Бұл механизмдер сізге пәтерге кіруді қиындатуы мүмкін. Кішкентай балалары бар адамдарға тек кілтпен жабуға болатын құлыптарды орнату ұсынылады. Сондай-ақ, есіктер күтімді қажет ететінін ұмытпаңыз. Ілмектер мен құлыптарды мезгіл-мезгіл тазалап, майлау керек, ал шамалы ақаулық, құлып кептеліп қалған немесе есіктерді ашу-жабу процесінде қиындықтар туындаған жағдайда дереу ақауды түзететін шеберді шақырыңыз.

Төтенше жағдай кезінде 112 нөміріне хабарласыңыз.