Шығыс Қазақстанда 20-дан астам адам құтқарылды

Шығыс Қазақстанда 20-дан астам адам құтқарылды

​ Құтқарылғандар арасында - 6 бала ​

​ ​ ​ ​ ​ ​ Демалушыларға көрсетілген көмектің негізгі бөлігі ағымдағы жылдың шомылу маусымына тиесілі. ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​

​      Өкінішке орай, қаза болғандар да бар. Барлық апаттар арнайы  жабдықталмаған жағажайларда, сондай-ақ балық аулау орындарында болды. ​ ​ ​ ​ ​
      "Су айдындарында қаза болу жағдайлары мас күйінде шомылу, тыйым салынған және жабдықталмаған жерлерде шомылу, сондай-ақ суда өзін-өзі ұстау ережелерін бұзу салдарынан орын алады", - деп атап өтті ШҚО ТЖД бастығының орынбасары Дмитрий Титов. ​ ​ ​ ​ ​ ​ Жаздың алғашқы күндерінен бастап Шығыс Қазақстан облысының құтқарушылары қауіпсіздік мақсатында полиция қызметкерлері мен еріктілердің қатысуымен 15 205 азаматты оқытып, 5000-нан астам рейд жүргізді. ШҚО ТЖД қызметкерлері өскелең ұрпаққа 124 интерактивті сабақ ұйымдастырды. ​ ​ ​ ​ ​ ​ Шығыс қазақстан облысы әкімінің қаулысымен Шығыс Қазақстан облысының су объектілері мен су шаруашылығы құрылыстарында жаппай демалу, туризм және спорт үшін 16 орын белгіленді. ШҚО мәслихаты сессиясының шешімімен шомылуға тыйым салынған 64 учаске мен орын анықталды. ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​​ "Полиция қызметкерлерімен бірге ҚР "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінің 364 - бабы - "ортақ су пайдалану ережелерін бұзу" бойынша 111 бұзушы және 440-бабы "алкогольді ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу" бойынша 333 бұзушы анықталды", - деп атап өтті ШҚО ТЖД бастығының орынбасары Дмитрий Титов. ​ ​ ​

 ​ ​ ​ ​ Алакөл көлінде және Көкпекті ауданында жыл сайын демалушылардың басым көпшілігі өрт сөндірушілер мен құтқарушылар бекеттері жұмыс істейді. Әр 2 апта сайын мұнда сүңгуірлер мен өрт сөндірушілер келеді, олар демалушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қызмет атқарады.​ Басты міндет-көл жағалауында орналасқан объектілерде судағы жазатайым оқиғалар мен өрттердің алдын алу. Құтқарушылармен патрульдеу қайықпен, ал өрт сөндірушілер демалушылар мен объектілер иелерінің өрт қауіпсіздігі қағидаларын сақтауын мониторингтеу жолымен жүргізіледі. Сондай-ақ азаматтарға нұсқау беру және оларға жадынамалар беру арқылы оқыту жүргізіледі. Құтқарушылар бекеттері қажетті құтқару жабдықтарымен жабдықталған. Алакөл көлінде 2021 жылдың жаз мезгілінде құтқарушылар 8 азаматқа, оның ішінде 4 балаға көмекке келді. ​

​ ​ ​ ​ ​ ШҚО ТЖД су айдындарында тыйым салынатынын еске салады: ∙ белгіден асып жүзу; ∙ суға катерлерден, қайықтардан, айлақтардан, сондай-ақ осы мақсаттарға бейімделмеген құрылыстардан секіру; ∙ жағалауда спирттік ішімдіктерді ішу, алкогольдік масаң күйде шомылу; ∙ су айдындарын ластау және қоқыстандыру; ∙ суға сүңгумен және шомылушыларды басып алумен байланысты тентектікке жол беру; ∙ жалған дабыл айқайларын беру; Төтенше жағдайлар туындаған кезде дереу 112 телефоны бойынша көмекке жүгіну қажет. ​ ​

                                                                                                     ШҚО ТЖД баспасөз қызметі