Әуе шарлары суға батып кеткендерді еске алу үшін аспанға ұшырылды

Әуе шарлары суға батып кеткендерді еске алу үшін аспанға ұшырылды

Шығыс Қазақстанда құтқарушылар Үржар ауданының жастар ресурстық орталығының еріктілерімен ең көп баратын курорттардың бірі - Алакөл көлінде акция өткізді. Жыл сайын мұнда 12 мыңға жуық азамат демалады. Барлығы 180-нен астам демалыс орны бар.

Қазіргі таңда облыста суға шомылу кезеңінің басынан бері 24 адам суға кетті, оның 5-уы балалар. Суға батып кеткендердің статистикасына алаңдаған құтқарушылар бұдан былайғы қайғылы жағдайларға жол бермеу үшін қолдан келгеннің бәрін жасайды: тыйым салынған шомылу орындарында патрульдейді, адамдар көп жиналатын жерлерде әлеуметтік роликтер мен су айдындарында қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелерін түсіндіреді, балалар лагерлерінде викториналар ұйымдастырады, алайда біздің әрқайсымыз ережелерді сақтаудың қаншалықты маңызды екенін түсінбейінше, жағдайды өзгерту қиын болады.

Еріктілермен бірге аспанға облыстың су айдындарында қаза болғандарды еске алу және демалушылардың назарын қауіпсіздік мәдениетіне аудару мақсатында 24 әуе шарын ұшырды.

Қауіпсіз жағажай акциясы аясында құтқарушылар мен еріктілер демалушыларға нұсқау беріп, демалыстарын су жанында қалай қауіпсіз өткізу туралы жадынамаларды табыстады.

Қазіргі уақытта өңірде демалыс базаларының иелеріне жағажайларды бекіту бойынша кәсіпкерлермен 17 меморандум жасалды.

"Демалысты сауатты ұйымдастыру туралы, соның ішінде су айдынында құтқарушылардың міндетті түрде болуы туралы сөз болып, жағажайларды бекіту иелерін демалушылар үшін жауапты болуға міндеттейді. Ал су қоймасында қаза болған жағдайда, бұл жағажайда шомылуға тыйым салынуы мүмкін", - деп атап өтті ШҚО ТЖД.