Брифингте балалардың қауіпсіздігі туралы

Брифингте балалардың қауіпсіздігі туралы

Балалардын терезеден құлаудын және жарақаттанудың алдын алу, сонымен қатар жазғы маусымда қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында, 2021 жылдың 10 маусымында, Семей қаласының Төтенше жағдайлар дағдарыс орталығында: басқарманың орынбасары Жалелов Е.Е. төрағалығымен, Семей қаласының ТЖ басқармасының қызметкерлері; ТҮКШжТҮИ бөлімі; сәүлет, қала құрылысы және құрылысы бөлімі; жобалау мекемелері; пластикалық терезелерді орнатумен айналысатын фирмалардың қатысуымен брифинг өткізілді.

Қатысушыларға, ТЖ басқармасының өкілдері, соңғы 3 жылда балалардын терезеден құлау туралы статистикасы мен «Терезе блоктары» мемлекетаралық стандарттың талаптары, сонымен қатар жазғы маусымда судағы қауіпсіздік қағидалары жеткізілді. Аталған мәселе маңызды болғандықтан, дөңгелек үстелде қатысушы ұйымдармен, терезелерді қорғану механизмдер мен блокираторлармен жабдықтау превентивтік шаралар мәселесі және оның ары қарай шешу жолдары қарастырылды.

Брифинг қорытындысында, ТЖ басқармасы құзыретті органдар жағынан бақылау жоқтығын ескерте отырып: міңдетті түрде, нормалар мен стандарттарға сәйкес ғимараттар мен имараттардың жобалау құжаттарын әзірлеу, қайта құру, құрылыс кезінде, ұйымдардың терезелерді шығару және орнату кезінде, терезелерді қорғану механизмдер мен блокираторлармен жабдықтау шараларын қарастыруды, сонымен қатар оның орындалуын бақылауды ұсынды.

Семей қаласының ТЖ басқармасы қарапайым қауіпсіздік ережелері туралы ескертеді:

  • Егер бөлмеде бала болса терезені ашық қалдырмаңыз
  • Бала терезені өз еркімен ашып алмас үшін тұтқасын жауып қойыңыз
  • Терезе ашылмас үшін арнайы қорғау құралдарын орнатыңыз
  • Бала терезенің алдына шықпас үшін барлық жиһазды терезеден алыстатыңыз
  • Баланы терезенің алдына тұруды және ары жағында не болып жатқанын қаратуды үйретпеңіз, Сіз жоқ болған кезде ол қайталауы мүмкін
  • Үлкендерсіз балаларды балконға шығармаңыздар
  • Шіркей торы баланы құлаудан САҚТАМАЙДЫ. Ол қорғап та қалмайды және де балаларды оған сүйенуді үйретеді, себебі балаларға ол шыны сияқты сенімді болып көріңіді

Естеріңізде болсын: балалардың қауіпсіздігі Сіздердін қолдарыңызда!

Ешқашан балаларды қараусыз қалдырмаңыздар, әсіресе жалғыз өздерің!

Төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 телефон арқылы құтқару қызметіне хабарласыңыздар