«Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ бастығы тағайындалды

«Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ бастығы тағайындалды

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрі, генерал-майор Юрий Ильиннің 2021 жылғы 03 маусымдағы № 200 ж/қ бұйрығымен   «Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ бастығы лауазымына азаматтық қорғау полковнигі Марат Төлеубайұлы Әбілсейітов (1976 жылғы 10 қазанда туған) тағайындалды.

         Марат Төлеубайұлы бұрын, «Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары лауазымында қызмет атқарған. Азаматтық қорғау органдарында 1993 жылғы қыркүйек айынан бастап қызмет атқарады, орта және аға басшы түрлі лауазымдарда қызмет еткен.

        «Өртке қарсы қызмет органдарындағы мінсіз қызметі үшін» Ш, II, І дәрежелі медальдармен,  «Төтенше жағдайлар жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін», «Қазақстан полициясына 25 жыл» төс белгісімен, «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министірлігі  Төтенше жағдайлар комитетіне 20 жыл», «Ішкі істер органдарының ардагері 25 жыл» мерейтойлық медальмен марапатталған.     

           Үйленген, 2 баланы тәрбиелеп отыр.
 
ШҚО ТЖД баспасөз қызметі