Тыйым салу белгілері су қоймасындағы қауіпті білдіреді

Тыйым салу белгілері су қоймасындағы қауіпті білдіреді

Шығыс Қазақстанда ыстық ауа-райы қалыптасты, бір апта ішінде термометр + 30 және одан жоғары градусқа дейін көтеріледі. Осыған орай, судың жанында демалушылар көбейеді. Көбіне азаматтар шомылуға рұқсат етілмеген орындарды таңдайды және соның салдарынан жазатайым оқиғалар туралы хабарламаларға енеді. Бүгінгі күні аумақта Шығыс Қазақстан облыстық Мәслихатының шешімімен азаматтардың суға шомылуына тыйым салынған 64 орын анықталды. Су қоймаларында арнайы белгілер орнатылған. Барлығы облыста 85 тыйым салу белгілері орнатылды және тағы 200-ге жуық орнату жоспарланып отыр. Бұл халықтың су қоймасында болу қаупі туралы ақпаратқа жауап беруі үшін жасалады. Әдетте, бұл жерлерде су қоймасының түбі зерттелмеген, қауіпті ағын және бұралаң бар және жақын жерде құтқару мен медициналық бекеттер жоқ. ШҚО ТЖД мамандары қауіпсіздік белгілерді назардан тыс қалдырмауыңызды және рұқсат етілген жағажайларда ғана суға шомылу керек екенін ұмытпауыңызды сұрайды.

        Су объектілеріндегі төтенше жағдайлардың алдын-алу шеңберінде ШҚО ТЖД  құтқарушылары демалыс базаларының иелеріне судағы қауіпсіздік ережелерінің талаптарын сақтау қажеттілігі, акваториялардың түбін зерттеуге және қоғамдық құтқарушыларды оқытуға өтініштер беру туралы 193 хат жолданды.

      Сонымен қатар, 2021 жылдың басынан бері облыста 4 адам суға батып кетті. 

ШҚО ТЖД баспасөз қызметі