Семейде өрт қауіпті кезеңнің басталуына байланысты оқу-жаттығулар өткізілді

Семейде өрт қауіпті кезеңнің басталуына байланысты оқу-жаттығулар өткізілді

Табиғи өрттердің негізгі себебі адам факторы болып табылады. Негізінен дала өрттері адамдардың абайсыздығынан орын алады-бұл сөндірілмеген алау, темекі тұқылдары, қоқысты, орылған жерді жағу және т.б. сондықтан өрт қауіпті маусымда халық табиғатқа шығу кезінде өрт қауіпсіздігінің қарапайым ережелерін сақтау қажет.

Ағымдағы жылдың мамыр айында, өрт қауіпті кезеңнің басталуымен 2021 жылы ШҚО ТЖД Семей қ.ТЖБ Озерка ауылдық округінің әкімдігімен бірлесіп, Семей өңірі әкімдіктерінің өкілдері үшін өрт сөндіруге тікелей қатысатын адамдардың өрт сөндіру дағдыларын тұжырымдау мақсатында өрт-тактикалық оқу-жаттығулар өткізді. Өрттерді шартты түрде тұтату және жою кезіндегі жұмыс алгоритмі, 101 және 112 өртке қарсы қызмет желісіне ықтимал қауіп туралы деректерді беру қағидалары, мемлекеттік және мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтердің, ерікті өртке қарсы құралымдардың күшімен өртті сөндірудің ықтимал тәсілдері көрсетілді, халықты оттан қорғауға арналған бейімделген техниканың іс-қимылдары көрсетілді.

Семей қ. ТЖБ ескертеді!

Өрт қауіпсіздігі ережелерін елемей, сіз өзіңіздің және жақындарыңыздың өміріне қауіп төндіресіз. Ашық отты пайдалануда абай болыңыз. Өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтаңыз.