Семей қ. ТЖБ-да оқу өткізілді

Семей қ. ТЖБ-да оқу өткізілді

Азаматтық қорғау саласында тұрғындарды оқыту - төтенше жағдайлар кезінде іс-әрекеттер дағдысын өтеу, авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жүмыстарды жүргізу үшін, өзін-өзі құтқару және бірлесіп көмек көрсету бойынша негізгі тәсілдері мен әдістерін білу және тұрғындар арасында болуы мүмкін шығынды және материалдық шығындарды максималды азайту мақсатында жүргізіледі. 

Мәселен, 2021 жылғы 13-14 мамыр аралығында Семей қ. ТЖБ-ның қызметкерлері Семей қаласы әкімімен бекітілген «2021 жылға арналған азаматтық қорғау саласында оқыту үшін тыңдаушылармен топ санаттарын жасақтау жоспарына» сәйкес «Азаматтық қорғаныс бастықтары және (немесе) олардың орынбасарлары» санатымен «ZOOM» платформасында онлайн режимде сабақтар өткізді.

Оқыту барысында Семей қаласының жалпы орта білім беретін мектептерінің директорлары мен меңгерушілері болған тындаушылар, әртүрлі төтенше жағдайларда дәрігерге деінгі алғашқы көмек көрсету дағдыларын алды, төтенше жағдайлар қауіпі және туындауы кезінде өзін-өзі ұстау қағидаларын үйренді, сондай-ақ азаматтық қорғау саласындағы бірқатар нормативтік-құқықтық актілерді зерттеді. 

         Оқушы топтарына дәріс беру тестілерді тапсыру арқылы аяқталды. Нәтижесінде дәріс алушыларға сертификаттар ұсынылды.