Құтқарушылар, орманшылар мен шекарашылар 15 гектар аумақта өртті жойды

Құтқарушылар, орманшылар мен шекарашылар 15 гектар аумақта өртті жойды

13 мамырда 14сағат40 минут шамасында Зайсан ауданында «Қаратал Құмы» учаскесінде 15 гектар аумақта құрғақ шөп өртенді. ШҚО ТЖД өрт сөндіру бөлімшелерімен мен орман шаруашылығы өрт сөндірушілері жедел түрде өрт орнына жетті. 15 гектар аумақта өртті сөндіруге барлығы ШҚО ТЖД 15 құтқарушылармен 3 бірлік техника, орман шаруашылығының 2 бірлік техникасы, трактор және 12 адам қатысты, сонымен қатар көмекке Зайсан шекара заставасынан 70 сарбаз келді.

 

ШҚО ТЖД еске салады: өрт шығаруға, кесу қалдықтары мен қоқыстарды, құрғақ шөптер мен тұрмыстық қалдықтарды жағуға, өрт қауіпсіздігі ережелерін бұза отырып ауылшаруашылық күйіктерін жасауға тыйым салынады.

 

Орман өрттерінің көпшілігі адамдардың отқа ұқыпсыз қарауынан болады. Орманда болған кезде, өрттің кішкене көзінен, әсіресе құрғақ, жылы және желді ауа райында орман өрті қаупі бар екенін ұмытпаған жөн.

 

Құрғақ, жылы (ыстық) және желді ауа-райында от жағуға тыйым салынады.

 

Орманға барғанда адамдар темекі шегуден аулақ болу керек. Есіңізде болсын!  Сөндірілмеген темекі құрғақ шөпті тұтатып, өрт шығара алады.

 

Егер өрт анықталса, дереу «101» және «112» телефондары арқылы хабарлаңыз.

 ШҚО ТЖД баспасөз қызметі