Темекішегутағы да өртке себепкер болды

Темекішегутағы да өртке себепкер болды

     2021 жылдың 13 сәуірінде Өскемендегі Астана көшесінде өрт шықты. Өрт сөндіру бөлімшелері келген кезде бес қабатты көп пәтерлі тұрғын үйдің төртінші қабатындағы пәтерде жиһаз жанып жатқан. Өрт 1 шаршы метрде сөндірілді, барлығы 15 құтқарушы мен 5 бірлік техника тартылды.

Ауруханаға 1958 жылы туған пәтер иесінің күйеуі жатқызылды. Өрттің себебі темекі шегу кезіндегі абайсыздық болған. 2021 жылдың басынан бастап Шығыс Қазақстанда темекі шегу кезінде сақтық шараларын сақтамауы себепті 9 өрт болған.

ШҚО ТЖД темекі шегу өрттің ең көп таралған себептерінің бірі екенін еске салады.

Мыналарды жасамау қажеттігін есте ұстаңыз:

- ішкен кезде төсекте немесе орындықта темекі шегуге болмайды, себебі ұйықтап кетуіңіз мүмкін. Ал темекіні уақытында сөндірмесеңіз, одан киім немесе жиһаз жануы мүмкін;

- тіпті сөндірілген темекіні қағаз бен басқа да жанғыш қалдықтары бар жәшіктерге тастамаңыз – олар тұтанып кетуі мүмкін;

- күл салғыш ретінде қағаз қалташаларды, сіріңке қораптарын немесе темекі қораптарын пайдалануға болмайды.

Терезелерден немесе балкондардан лақтырған сөндірілмеген темекі көрші балкондарға және пәтерлердің ашық терезелеріне түсіп кетуі ықтимал, бұл да өртке себеп болуы мүмкін. Сондықтан, жану көзінің бөлмеге кіруіне жол бермеу үшін пәтерден шыққан кезде балкондардың терезелері мен есіктерін жауып қою керек.

Өрт шыққан жағдайда "101" және "112"нөмірлері бойынша хабарлау қажет.

ШҚО ТЖД баспасөз қызметі