Құтқарушылар Глубокое кентінде өрт сөндіру кезінде тұрғындарды эвакуациялады

Құтқарушылар Глубокое кентінде өрт сөндіру кезінде тұрғындарды эвакуациялады

2021 жылы 13 сәуір 14 сағат 55 минутта Глубокое ауылында өрт шықты. Берестов көшесі бойынша үшінші қабатта орналасқан пәтердегі үш қабатты тұрғын үйде терезе мен есік блоктарының ағаш конструкциялары, сондай-ақ төбе тақтайшалары жанған.Түтінаймағынанкелгенөрт сөндірушілер 5 тұрғынды жедел эвакуациялады. Өрт 6 шаршы метр алаңда сөндірілді.

Өрттің шығуына отты абайсыз қолдану себеп болды.

ШҚО ТЖД еске салады:

- ешқандай жағдайда төсекте темекі шегуге болмайды;

- отқа немқұрайлы қарамаңыз;

- лүнделікті өмірде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзуға жол бермеңіз, тұрғын үйлер мен пәтерлерде алғашқы өрт сөндіру құралдары болуы тиіс;

Өрт болған жағдайда дереу "101" немесе "112"нөміріне қоңырау шалыңыз.

ШҚО ТЖД баспасөз қызметі