Шығыс Қазақстанда көшкін қауіпті

Шығыс Қазақстанда көшкін қауіпті

2021 жылғы 13-19 сәуірде Шығыс Қазақстанның таулы аудандарында көшкін қаупі сақталады.  

ШҚО ТЖД құтқарушыларының айтуынша, көктем айлары-көшкін түсу қаупі бар кезең.

Құбылмалы ауа-райы, қардың қарқынды еруі – көшкіннің өздігінен түсу мүмкіндігіне әсер ететін факторлар. Естеріңізге сала кетейік, облыста автожолдар мен елді мекендерге қауіп төндіретін 336 көшкін қауіпті учаске бар. Оларды "Қазселденқорғау" ШҚ филиалының мамандары үнемі қадағалап отырады, олар көшкін қаупі бар ошақтарға жер үсті және аэровизуалды тексерулер жүргізеді, тауларда қардың жиналуын қадағалайды және қажет болған жағдайда профилактикалық жасанды көшкін түсіреді.

ШҚО ТЖД мыналарды ұсынады:

- тауға шықпау және метеожағдайлар мен құтқарушылардың хабарламаларын қадағалау.

- көшкін қаупі болған жағдайда серуендеуден/сырғанаудан бас тарту;

- ескерту белгілеріне немқұрайлы қарамаңыз.

Егер сіз төтенше жағдайға тап болсаңыз, "101" немесе "112"телефон нөмірлеріне хабарлаңыз.