Өскеменнің құтқарушылары газ баллонын алып шықты

Өскеменнің құтқарушылары газ баллонын алып шықты

Өскемен қаласындағы Қазақстан көшесіндегі көппәтерлі тұрғын үйдің тұрғындары құтқарушылардан газ иісінің қатты сезілуіне байланысты көмек сұрады. Оқиға орнына келген ШҚО ТЖД қызметкерлері қауіпсіздік мақсатында жедел түрде 40 азаматты, оның ішінде 9 баланы эвакуациялады.
Үйді тексергеннен кейін құтқарушылар үйдің жертөлесінен 3 оттегі мен 3 газ баллонын тауып алып шықты.

Өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзғаны үшін 410-бап бойынша жоғарыда аталған баллондарды сақтауға жол берген үйге қызмет көрсететін ұйымның қызметкері әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Құтқарушылар жертөлені желдетіп, тұрғындарға қауіптің сейілгеніне көз жеткізген соң  тұрғындарға пәтерлеріне оралуға рұқсат берді.

ШҚО ТЖД Өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзғаны үшін жауапкершілік көзделгенін еске салады. Газ баллондарын тұрғын үйлердің жертөле үй-жайларында сақтауға қатаң тыйым салынады. Төтенше жағдай туындаған кезде 112 нөміріне хабарласыңыз.

ШҚО ТЖД баспасөз қызметі