Өртті абайсызда қолдану өрт кезінде тағы бір өлімге әкелді

Өртті абайсызда қолдану өрт кезінде тағы бір өлімге әкелді

Өртті абайсызда қолдану өрт кезінде тағы бір өлімге әкелді

 

08 сәуірде кешкі сағат 20 шамасында Деповская көшесінде жеке тұрғын үйде өрт шықты. Өрт сөндіру бөлімшелері келген сәтте ағаш шатыр құрылымдары, төбе жабындары, терезе және есік блоктарын от шарпыған еді. Отпен шайқасқа түскен өрт сөндірушілер 100 шаршы метр алаңдағы өртті сөндірді.
Өрт сөндіру барысында өрт сөндірушілер жанып жатқан үй-жайдан тіршілік белгілері жоқ үй иесін тауып алып шықты.   Газ-түтіннен қорғау қызметінің буыны жанып жатқан үйден сыйымдылығы 27 литр 1 газ баллонын шығарды.

Өрт себебі бойынша ШҚО ТЖД мамандары темекі шегу кезіндегі абайсыздық нұсқасын қарастыруда.

Семей қ. ТЖ басқармасы мынаны ескертеді: өртті болдырмау үшін келесі ережелерді есте сақтау қажет:

- Ешқандай жағдайда мас күйінде темекі шегуге болмайды;

- Тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтардың жанында темекі шекпеңіз;

- Сіріңке мен темекі тұқылдары жанып қана қоймай, бықсып кетпейтініне көз жеткізіңіз. Сақ болыңыз, тұрғын үйде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтаңыз.
Есіңізде болсын, темекі шеккен кезде сіз өзіңізге ғана емес, айналаңыздағылардың денсаулығы мен өміріне қауіп төндіресіз. Өрт шыққан жағдайда "101" немесе "112"нөмірлері бойынша хабарлаңыз.

Семей қаласының ТЖБ ақпараты