ШҚО-да су тасқыны жағдайы бойынша брифинг өтті

ШҚО-да су тасқыны жағдайы бойынша брифинг өтті

ШҚО-да су тасқыны жағдайы бойынша брифинг өтті

 

      Шығыс Қазақстан облысының ақпараттық орталығы базасында ШҚО ТЖД бастығының орынбасары Қанат Әбділов, ШҚО жұмылдыру дайындығы басқармасының басшысы Елдос Чикенов, "Қазгидромет" РМК ШҚО бойынша филиалының гидрология бөлімінің бастығы Адель Ахметовтың қатысуымен брифинг өтті.

         Қанат Әбділов атап өткендей, облыс аумағында қар еруде. Облыс аумағының қармен жабылған ауданы 33% құрайды. Топырақтың жоғарғы қабатының еруі байқалады.  Риддер қаласында, Катонқарағай, Бородулиха аудандарында қар жамылғысының биіктігі 50 см-ден аспайды, тек Алтай ауданында 71 см. Өзендердің ашылуы және су деңгейінің көтерілуі байқалады. Судың шекті деңгейлерден асып кетуі байқалмайды.

        ШҚО ТЖ департаменті 8 рет аэровизуалды тексеру жүргізді.

       Облыс аумағында жоғары дайындық режимі жұмыс істейді, жедел штабтар құрылған. Су тасқынына қарсы іс-шаралардың облыстық жоспары іске асырылуда, қар шығару, автомобиль және темір жолдардағы су өткізу құрылыстарын, көпірлерді, арықтар мен арналарды тазарту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Шұғыл шығындарға және төтенше жағдайларды жоюға арналған бюджеттерде қажетті қаражат көзделген. Әзірлікте 2412 бірлік техника мен 379 мотопомпа бар, 106 эвакопункт дайындалған.

         Елдос Чикенов зардап шеккен халықты қабылдаудың барлық пункттеріне тексеру жүргізілгенін, уақытша болу, тамақтану үшін жағдайлар жасалғанын, санитарлық-тұрмыстық жағдайлар қамтамасыз етілгенін, ыстық тамақпен қамтамасыз етуге, эвакуациялық іс-шараларды өткізу үшін көлікті тартуға ниет-шарттар жасалғанын хабарлады.
        Облыс әкімінің тапсырмасы бойынша неғұрлым күрделі су тасқыны жағдайы қалыптасуы мүмкін 4 аудан (Алтай, Глубокое, Катонқарағай, Бесқарағай) үшін қосымша резерв құрылған, онда су айдау құрылғыларының санын 2 есеге және адам ресурстарын 50% - ға ұлғайту көзделген.

          «Семей қаласындағы Ертіс, Бұқтырма, Уба, Күршім өзендеріндегі, Алтай ауданындағы, Күршім, Бородулиха, Шемонаиха, Катонқарағай аудандарындағы барлық 19 кептеліс қаупі бар учаскелерде жалпы алаңы 180 мың шаршы метрден астам профилактикалық жарылыс жұмыстары жүргізілді, 9,5 тоннадан астам жарылғыш заттар пайдаланылды»,- деп атап өтті ШҚО ТЖД бастығының орынбасары Қанат Әбділов.
            Төтенше жағдайлар министрінің өкімі бойынша облыстың су тасқыны қаупі бар аудандарына, бұл Алтай ауданы мен Көкпекті ауданына ҚР ТЖМ №52859 әскери бөлімінің жеке құрамынан 50 адам, 8 бірлік техника, 4 жүзу құралы және 10 жылжымалы мотопомпа жіберілген. ҚР ТЖМ 52859 әскери бөлімінің жеке құрамы су тасқыны кезіндегі іс-қимыл тәртібі туралы халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізілуде, 5360 метр арықтар мен су бұру каналдарын, 38 метр су өткізу құрылыстарын тазалау ұйымдастырылды, 38 қарт және жалғыз басты тұрғындардың үй маңындағы аумақтарын тазарту, сондай-ақ инертті материалы бар 2320 қап дайындалды, 200 дана қап төселді, мұздың қалыңдығы 1,5 метрді құрайтын ұзындығы 45 метр мұз кесілді.

        ШҚО ТЖД дағдарыс залында 20 наурыздан бастап облыстық су тасқынына қарсы жедел штаб жұмыс істейді, ол әрбір су тасқыны қаупі бар учаскеге ақпарат жинауды, өңдеуді және талдауды жүзеге асырады.

          "Қазгидромет" РМК Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалы өкілдерінің мәліметінше, 2021 жылдың 15-30 сәуір аралығында ауа райы құбылмалы, түнде кей жерлерде жаңбыр жауып, қар жауады, күндіз кей жерлерде жаңбыр жауады, жел 15-20 м/с дейін күшейеді, түнде ауа температурасының ауытқуы 0-5° - дан 2-7 ° - ға дейін, күндіз 18-23° - дан 5-10 ° - ға дейін болады.