Қарда жүретін техникамен көмектесті

Қарда жүретін техникамен көмектесті

Қарда жүретін техникамен көмектесті

         Қаракөл ауылының маңында Жаңа Бұқтырма кентіне бет алған 1983 жылы туған әйел мен 1988 ж.т. ер адам байланысқа шықпай қалған. Құтқарушылар арнайы қарда жүретін техникамен іздеуге шықты. Жоғалғандар Бұқтырма су қоймасының жағасынан табылды, олардың өміріне ештеңе қауіп төндірмеді. Құтқарушылар қарда жүрген ер адам мен әйелді жақын маңдағы елді мекенге жеткізді. ШҚО ТЖД жолға бара жатқан кезде жақындарына өз бағыты туралы хабарлау қажеттігін ескертеді. Өзіңізбен жылы киім, қуатталған ұялы телефоныңыз болуы керек .