ШҚО-да еріген қар суын бұру жұмыстары жүргізілуде

ШҚО-да еріген қар суын бұру жұмыстары жүргізілуде

ШҚО-да еріген қар суын бұру жұмыстары жүргізілуде

 

Бородулиха ауданының Орловка ауылында жергілікті атқарушы органдардың және ШҚО ТЖД құтқарушыларының күшімен қазіргі уақытта суды сору жұмыстары аяқталды. Барлығы 60 текше метр су тартылды.   Ұзындығы 300 метр, тереңдігі 2,5 метр болатын елді мекенге қарай бұру каналын ұйымдастыру бойынша жұмыстар жүргізілді. Еріген қар суын бұру және 700 дана қап төсеу жұмыстары  ұйымдастырылды.

Сондай - ақ, "Облшығысжол" ЖШС және Жезкент тау – кен байыту комбинатының күшімен "Бородулиха-Жезкент" автожолының инертті материалдарымен жол төсемін төсеу және нығайту жұмыстары жүргізілді .

Бүгінгі таңда су басу қаупі сейілді. Жағдайға мониторинг тәулік бойы жүргізілуде.  
        Көкпекті ауданының Самар ауылында және Алтай ауданында ҚР ТЖМ №52859 әскери бөлімінің күштері мен құралдары тобы су тасқынына қарсы жұмыстарды жүргізуде. 50 адамнан тұратын жеке құрам 5360 метр арықтар мен су бұру арналарын, 38 метр су өткізу құрылыстарын тазалауды, 38 үй маңындағы аумақты тазалауды ұйымдастырды, сондай-ақ инертті материалы бар 2320 қап дайындалды, 200 дана қап төселді, ұзындығы 45 метр мұз кесілді, мұнда мұздың қалыңдығы 1,5 метрді құрайды.

Өңірде тәулік сайын ақпарат жинау, өңдеу және талдау, мониторинг жүргізетін штаб жұмыс істейді.