Глубокое ауданында көп балалы отбасыларға улы газ датчиктері орнатылды

Глубокое ауданында көп балалы отбасыларға улы газ датчиктері орнатылды

Глубокое ауданында көп балалы отбасыларға улы газ датчиктері орнатылды

Глубокое ауданының әкімдігі улы газ сигнализаторларын орнатуға қаражат бөлді.

ШҚО ТЖД Глубокое ауданының қызметкерлері көп балалы отбасылар тұратын пешпен жылытылатын үйлерде 100 улы газ датчиктерін орнатты. Улы газ датчиктері тегін орнатылды. Уытты заттардың рұқсат етілген концентрациясы асып кеткен кезде улы газ датчиктері іске қосылады және тұрғындарға қауіп туралы хабарлайтын дыбыстық авариялық сигнал береді.  

Сондай-ақ, отбасыларға тиісті жадынамалар таратылып, өртке қарсы қауіпсіздік шаралары түсіндірілді.

         ШҚО ТЖД Глубокое ауданының төтенше жағдайлар бөлімі жыл басынан бері жеке тұрғын үй секторында орналасқан 14 мыңға жуық тұрғын үйлерді аралап, 19 мыңнан астам азаматқа нұсқау берді.

Сонымен қатар, әлеуметтік осал отбасылар тұратын 386 тұрғын үй есепке алынды, олар 100%-ға аралаумен қамтылған.