Шығыс Қазақстанда «Көктем-2021» республикалық командалық-штабтық оқу жаттығудың 2-ші күні өтуде

Шығыс Қазақстанда «Көктем-2021» республикалық командалық-штабтық оқу жаттығудың 2-ші күні өтуде

Шығыс Қазақстанда «Көктем-2021» республикалық командалық-штабтық оқу жаттығудың 2-ші күні өтіп жатыр.  Оқу-жаттығу шеңберінде бүкіл облыс бойынша 20-дан астам тактикалық-арнайы оқу-жаттығу өтті, әрбір өңірде су тасқыны қаупі бар учаскелердің ерекшеліктерін ескере отырып, төтенше жағдайларды жою жағдайындағы іс-қимылдар пысықталды.

ШҚО ТЖД  дағдарыс орталығында екі күн бойы азаматтық қорғау қызметтері мен мүдделі органдардан құрылған штаб жұмыс істеді. Қызметтер өңірлердегі іс-қимылдарды үйлестірді және эвакуация жағдайында халыққа көмек көрсетудегі әзірлікті, сонымен қатар оқу-жаттығу басшылығы орналасқан Нұр-Сұлтан қаласынан алынған кіріспе пысықталды. Өткізілген іс-шаралар барысында орталық және жергілікті атқарушы органдармен өзара әрекеттесу және құлақтандыру, практикалық су тасқынына  қарсы іс-шаралар жүзеге асырылды.

 Жергілікті атқарушы органдармен өзен жағасының аса қауіпті учаскелерінде қорғау бекеттерін құру, эвакуацияланғандарды жатын керек-жарақтармен және ыстық тамақпан қамтамасыз ету бойынша жұмыстар ұйымдастырылды.Сонымен қатар, ықтимал төтенше жағдайлар орындардағы көпірлер мен арналарлы тазарту бойынша  іс-шаралар жүргізілді.

 

Оқу-жаттығу аясында Шемонаиха ауданында мұзды ұсақтау бойынша жұмыстар жүргізілді.

«Көктем-2021» РКШОЖ қорытындысы5 наурызда Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильиннің төрағалығымен  аяқталады.