Шығыс Қазақстанда «Көктем»2021» республикалық штабтық командалық оқу-жаттығу бастау алды

Шығыс Қазақстанда «Көктем»2021» республикалық штабтық командалық оқу-жаттығу бастау алды

Шығыс Қазақстанда көктемгі-су тасқыны мерзіміндегі төтенше жағдайлар салдарын жою кезіндегі іс-қимылдарды пысықтау үшін «Көктем – 2021» республикалық командалық штабтық оқу-жаттығу дың бірінші күні басталды. Ең алдымен облыс халқын құлақтандырудың автоматтандырылған орталықтан басқарылатын жүйесіне тексеру жүргізілді, ол үшін телерадио хабар тарату арналарына қосылу және электр сиреналарын қосу арқылы жүзеге асырылды.

         ШҚО ТЖД дағдарыс орталығында өңірдің азаматтық қорғау қызметтері мен мүдделі органдарынан штаб құрылды, олар қазіргі таңда су тасқынымен байланысты төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимылдарды пысықтауда.

         Әр қызметтің тұрындарды эвакуациялау, тамақтандыру, медициналық және психологиялық көмекпен қамтамасыз ету міндеті бар. Жол және инженерлік қызметтері техника мен қалпына келтіру жұмыстарын қажет ететін учаскелер бойынша деректер жинайды.

Сонымен қатар бүгін оқу-жаттығу шеңберінде Уба өзенінде мұз ұсату жұмыстары жүргізіледі.

ШҚО ТЖД баспасөз қызметі