Семей құтқарушылары ірі өртті тежеді

Семей құтқарушылары ірі өртті тежеді

Семей қаласының өрт сөндірушілері 10 сағат 56 минутта ірі өртті тежеді.  26 ақпанда Абай даңғылы бойынша 00 сағат 46 минут шамасында от лаулап шықты. Барлық күштер мен құралдар өртті сөндіруге жіберілді. Барлығы 19 бірлік техника және жеке құрамнан 55 адам жұмылдырылды. 2 қабатты әкімшілік ғимаратта қабырғалар, аралық қабырғалар, еден, жиһаздың ағаш құрылымдары мен жеке заттар өртенген. Бірінші қабатта азық-түлік дүкені болған, құтқарушылар мен иелері өрт аймағынан тауарларды алып шығаруға үлгерді. Отпен күресудің қиындығы,   1879 жылы салынған ғимарат толығымен ағаш жақтау-қалқан негізінен құрылған,  от бірден таралды. Өрттің алдын ала аумағы 600 шаршы метрді құрады.
Мамандар өрт туындауы мүмкін 3 нұсқаны қарастырады: электр жабдықтарын бөлшектеу және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамау, электр жабдықтарының авариялық жұмыс режімі, отты абайсыз пайдалану.
        ШҚО ТЖД нысан иелеріне өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау қажеттігін ескертеді.

Жұмысқа жарамды алғашқы өрт сөндіру құралдары және автоматты өрт дабылы болуы тиіс. Қызметкерлерге қауіпсіздік нұсқауларын өту және өрт кезінде әрекет ете білу.

Электр жабдықтарының жұмысқа жарамдылығын бақылау.
         Өрт туындаған жағдайда 101 және 112 нөмірлері бойынша дереу хабарлау қажет.


 
ШҚО ТЖД баспасөз қызметі