Семей қаласының екі жас тұрғыны өрт кезінде үй иесін құтқарды

Семей қаласының екі жас тұрғыны өрт кезінде үй иесін құтқарды

21 қаңтарда түнгі сағат бір шамасында Семей   Паровозная көшесінде өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті.

Оқиға орнына келген өрт сөндіру бөлімшелері екі үй иесіне тиесілі жанып жатқан үйді анықтайды. Үйде төбе жабындарының ағаш құрылымдары және веранда мен ас үйдің жапсарлас бөлмелерінің қабырғалары, жиһаз, тұрмыстық техника және жеке заттар жанып жатқан. Құтқарушылар үйлесімді әрекет етіп, отпен қарқынды түрде күресті. 20 шаршы метр аумақтағы тұтанған өрт толығымен жойылды.Өрт сөндіру кезінде жанып жатқан ғимараттан 1 газ баллоны шығарылды.

Өрт сөндіру қызметтері келгенге дейін үйдің екінші жартысында қонақта болған екі жігіт Станислав Коряковский мен Сергей Яцук 1951 жылы туған үй иесін құтқарды. Жас батырлардың айтуынша, олар өртті байқаған кезде, абыржып қалмай, бірден көмекке асыққан. Жатын бөлменің терезесін зілбалғамен сындырып, қауіпті аймақтан қарт әйелді сыртқа алып шығып, келіп жеткен жедел жәрдем дәрігерлеріне тапсырды, ал олар әйелді орташа дәрежедегі улы газбен улану диагнозымен ауруханаға жатқызды. Қазір оның өміріне батыл жігіттердің арқасында ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. Сондай-ақ оларға осы әйелдің немересі Анастасия Гордеева да көмекке келген, ол өрт сөндірушілер мен жедел жәрдем шақырып, әжесін құтқаруда барынша жәрдемдескен.

ТЖ қызметінің мамандары өрттің шығу себебінің 2 нұсқасын қарастырып отыр: отты абайсыз қолдану және жылыту пешін монтаждау және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамау. Станислав 23 жаста, ал Сергей 16 жаста,бұл өскелең ұрпақ үшін нағыз үлгі.

ШҚО ТЖД тұрғындарға өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау қажеттігі туралы ескертеді.

- Пешті  пайдалану кезінде пештің есікшелері жабық болсын. Бұл үшін ілмекті механизмінің міндетті түрде жұмысқа жарамдығын тексеріңіз. Пешті жағу үшін ұзындығы пештің көлемінен асатын отынды пайдаланбаңыз.

- Сондай-ақ, пешті жағу үшін жанғыш және тез тұтанатын сұйықтықтарды (бензин, керосин және т.б.) қолдануға БОЛМАЙДЫ.

- Сондай-ақ отынды, киімді және басқа да жанғыш заттар мен материалдарды тікелей пештің үстінде және оттық саңылауларынан 1,25 м-ден кем қашықтықта кептіруге және жинауға болмайды.

- Пешті қатты қыздырмаңыз, пешті қатарынан 2 сағаттан артық жағуға болмайтындығын есіңізге сақтаңыз. Пеш жағу барысы тұрғындар ұйқыға кеткенге дейін кемінде 2 сағат бұрын жағылып болуы қажет.

- Ашық отты қолданған кезде абай болыңыз.

Егер құтқарушылардың көмегі қажет болса, 101 және 112 нөмірлері бойынша хабарласу қажет.

 

ШҚО ТЖД Баспасөз қызметі