Құтқарушылар ер адам мен оның көлігін тас жолдан эвакуациялады

Құтқарушылар ер адам мен оның көлігін тас жолдан эвакуациялады

Тарбағатай ауданында Жетіарал ауылы мен Меңдеке қыстағының арасында жолда жүргізуші отырған «Toyota Rav-4» автокөлігі сынып қалған. Құтқарушылармен байланысу үшін ер адам ұялы байланыс пайда болған жерге бір шақырым жол жүрген. Оқиға орнына 52-ӨСБ қызметкерлері КУНГ жоғары өтімді техникасымен жедел келіп жетіп,  көлік құралын жақын маңдағы шаруа қожалығына сүйреп апарды. Жүргізуші өзі тұратын Жетіарал ауылына жеткізілді.

ШҚО ТЖД еске салады, Егер сіз алыс жолға жиналған болсаңыз, міндетті түрде «Дармен» мобильді қосымшасындағы ауа райы жағдайымен танысыңыз. Көлікті жылы заттармен, алғашқы көмек жинағымен, термоспен, қосымша зарядтағышпен жабдықтаңыз. Қауіпсіз маршрутты ойластырыңыз. Туыстарыңызға қайтып оралу туралы жоспарыңызды хабарлаңыз. Дауыл туралы ескертулер мен құтқарушылардың ұсыныстарын есте сақтаңыз.

Егер құтқарушылардың көмегі қажет болса 112 телефонына хабарлаңыз.

ШҚО ТЖД-ның баспасөз қызметі