ШҚО құтқарушылары Шоқыну мерекесі кезіндегі шомылуды қорытындылады

ШҚО құтқарушылары Шоқыну мерекесі кезіндегі шомылуды қорытындылады

Шоқыну мерекесі кезінде Шығыс Қазақстанда 14 000-нан астам адам шомылды. Ең белсенді сағат 00:00 – 2:00 болды. ШҚО ТЖД құтқарушылары атап өткендей, іс-шара оқиғасыз өтті. Балалар да көп болды. Су қоймаларында құтқарушылардан басқа полиция қызметкерлері, Апаттар медициналық орталығы, Жедел жәрдем дәрігерлері кезекшілік етті.

Жол полициясының 150-ден астам қызметкері 28 техника, сондай-ақ 2 жүзу құралы, 45 медицина қызметкері мен 20 техника, 113 полиция қызметкері мен 25 техника қауіпсіздікті қамтамасыз етті

Естеріңізге сала кетейік, биыл шомылу рәсімі карантиндік шаралар мен әлеуметтік қашықтықты қатаң сақтай отырып өткізілді.

Құтқарушылардың пікірінше, биыл адамдар шомылу рәсіміне тәртіпті және жауапкершілікпен қарап, оны жабдықталған жерлерде өткізді.

 

ШҚО ТЖД баспасөз қызметі