ШҚО-да 11 ас табақ өртке әкелетін еді

ШҚО-да 11 ас табақ өртке әкелетін еді

20 қаңтарда сағат 07.08-де С.Нұрмағамбетов көшесі бойынша орналасқан бес қабатты тұрғын үйдің пәтерінен түтін шығып, көршілер бірден өрт сөндірушілерді шақырды. № 6 өрт сөндіру бөлімінен келіп жеткен өрт сөндірушілер пәтерден электр пеште қалып қойған тамақты анықтайды. Құтқарушылар жедел түрде пәтерден және тұрғын үйдің кіреберісіндегі түтінді шығарды. Белгілі болғаны, үй иесі электр пешке сорпасы бар табаны қойып, ол туралы ұмытып, ұйықтап кеткен екен, түтін содан шыққан.

ШҚО ТЖД құтқарушылары атап өткендей, облыс бойынша қаңтар айының 20 күнінде 11 түтін жою оқиғасы орын алды, оның себебі тұрғындардың электр пеште қалдырған тамағы болды. Тамақтың жануы бастапқыда көрінетіндей зиянсыз құбылыс емес. Ең сорақысы, өрттің пайда болу және жану өнімдерімен улану қаупі бар. Тамақты қалдыру аптасына 2-3 рет болып тұрады. Кінәлілер - қарт адамдар, ұйықтап жатқан пәтер иелері және ұмытшақ үй шаруасындағы әйел адамдар.

Әдетте, тамақтың жануы көп мөлшерде каустикалық түтінмен бірге жүреді. Майлы тағам ұзақ уақыт бойы қызған кезде, оның бетінен буланған май жанғыш «бұлтты» құрайды, ол оттегімен бірге жоғары температура немесе кездейсоқ ұшқынның әсерінен бірден тұтанады. Содан кейін өрт пердеге, жиһазға және т.б. заттарға таралады.

ШҚО ТЖД, электр пеш, кез келген электр қыздырғыш аспап сияқты мұқияттылықты қажет екенін еске салады! Пісірілген тағамды ешқашан қараусыз қалдырмаңыз!  Сондай-ақ, өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзғаны үшін Қазақстан Республикасы Кодексінің 410-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілік қарастырылғанын есте сақтау қажет.

Өрт шыққан жағдайда 101 және 112 телефондарына қоңырау шалыңыз.

 

ШҚО ТЖД-ның баспасөз қызметі