Пеш жасырын қауіпке айналуы мүмкін екенін білесіз бе?

Пеш жасырын қауіпке айналуы мүмкін екенін білесіз бе?

 

Ағымдағы жылдың басынан бері Шығыс Қазақстан облысында көміртегі тотығымен уланудан 14 адам зардап шекті.

ШҚО ТЖД мамандары пештің қауіпті екенін білдіретін белгілерді түсіндірді:

Бөлмеде түтіннің пайда болуы – тартудың нашар екенін және үйге улы газдың, яғни көміртек тотығының (иіс газының) ену қаупі бар екенін білдіреді.

Пештегі жарықтар. Кішкентай жарықшақтың еш зияны жоқ деп ойлайсыз ба? Олай емес! Ені небәрі 2 мм болатын саңылау арқылы бір сағат ішінде қауіпті газдың өлімге әкелетін мөлшері бөлмеге өтуі мүмкін.

Пеш корпусының қатты қызуы – пеш қатты қызып, қызарып кетсе, өрт шығуы мүмкін.

Мұржаны соңғы рет қашан тазаладыңыз? Қабырғалардағы күйе – жай ғана кір емес. Ол тұтанғыш материал, оңай өртенуі мүмкін. Мұржадағы өрт – өте қауіпті. Сондықтан тазалау – сән-салтанат емес, өмірлік қажеттілік.

Қауіпті белгілерді байқадыңыз ба? Оларды дереу жойыңыз!

- Пеш жағуды тоқтатыңыз.

- Жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін сертификатталған маманды шақырыңыз.
- Көміртек тотығы (иіс газы) датчигін орнатыңыз.

Есте сақтаңыз: көміртек тотығы (иіс газы) өте қауіпті – ол адамды үнсіз әрі тез уландырады!