
Өскемен қаласында Ертіс өзенінде алты демалушы, оның ішінде екі бала катермен серуендеп жүрген. Серуен кезінде катер кенеттен істен шығып, жолаушылар өздігімен жағаға жете алмаған.
Демалушыларға көмекке құтқарушылар жедел жетіп, барлығын жағаға жеткізді.
Азаматтарға медициналық көмек қажет болған жоқ.
ТЖМ азаматтарды су айдындарында қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады. Төтенше жағдай туындаған кезде 112 нөміріне хабарласыңыз.