Өрт кезінде Риддер қаласының өрт сөндірушілері 1000000 теңге көлемінде ақша, құжаттар мен 2 газ баллонын сақтап қалды.

Өрт кезінде Риддер қаласының өрт сөндірушілері 1000000 теңге көлемінде ақша, құжаттар мен 2 газ баллонын сақтап қалды.

 21 қарашада  Семипалатинская көшесі бойында 21 сағат уақытында өрт болды.  Келген құтқарушыларға үй иесі 2 газ баллоны, құжаттар мен ақша қалып қалғанын хабарлады. Өрт сөндірушілер оттан 2 газ баллонын шығарып, жанып жатқан бөлмеден 1000000 теңге ақша мен құжаттарды іздеп тауып,  бірден иесіне тапсырды. Өрт 25 метр кв. ауданында жойылды. Өрттің шығу себебі пешпен жылытуды қолдану кезінде өрт қауіпсіздік ережелерін бұзу болып анықталды.
Пешпен жылытуды қолдану кезінде ШҚО ТЖД келесіні ескертеді:
-пешті қатты қыздырмау, күніне 2-3 рет жағыңыз және үйден кету немесе ұйқыдан 2 сағат бұрын пешті жылытуды тоқтатыңыз
- пеш жағу кезінде жанып жатқан көмірлердің түсуін алдын алу үшін пеш алдында арнайы металл  қаңылтыр болуы қажет
- пешті бензин, керосин немесе басқа да жаңғыш сұйықтықтармен жандырмаңыз
- пеш үстінде жанармай  киім-кешек немесе басқа да жаңғыш заттар мен материалдарды қоймаңыз және кептірмеңіз
- үш айда бір реттен кем емес бөлме пештерінің мұржаларын күйе жиналуынан тазалау қажет, олай болмаса жинақталған күйе жана бастауы мүмкін
- жиһаздар мен перделер пештен кемінде жарты метр қашықтықта орналасқанына көз жеткізіңіз.
Өрт болу жағдайында 101 және 112 нөмірлеріне хабар беріңіз.


ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің ақпараты