ШҚО-да ТЖМ қызметкері мен полиция қызметкері балаларды телевизиялық мұнарадан түсіріп алды

ШҚО-да ТЖМ қызметкері мен полиция қызметкері балаларды телевизиялық мұнарадан түсіріп алды

Бүгін Тарбағатай ауданының Ақжар ауылында профилактикалық рейд барысында Тарбағатай ауданы ТЖБ аға инженері Архат Нигмашев телевизиялық мұнараның басына шығып кеткен екі баланы байқап қалды. Балалар биіктен өздігінен түсе алмай қалған.

Оқиға орнына Тарбағатай аудандық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы Диас Жұмаділов келді. Архат Нигмашев мұнараға көтеріліп, балаларды төменге түсірді. Құтқару жұмыстары кезінде полиция қызметкері көмек көрсетті. Қызметкерлердің үйлесімді іс қимылының арқасында жазатайым оқиғаның алдын алу мүмкін болды.

ТЖМ ата аналарға балалардың қайда жүргенін үнемі бақылап, оларға қараусыз қалған құрылыстар мен қауіпті нысандарға барудың қауіпті екенін түсіндіру қажеттігін еске салады. Төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне хабарласыңыз.