ТЖМ құтқарушылары Бұқтырма су қоймасында Ресей Федерациясының азаматтарына көмек көрсетті

ТЖМ құтқарушылары Бұқтырма су қоймасында Ресей Федерациясының азаматтарына көмек көрсетті

Шығыс Қазақстан облысы Бұқтырма су қоймасында ТЖМ құтқарушылары судағы демалыс кезінде қауіпті жағдайға тап болған Ресей Федерациясының екі азаматын құтқарды.

Акваторияны патрульдеу барысында құтқарушылар қатты желдің салдарынан екі демалушы отырған сапбордтың аударылып кеткенін байқады. Соның салдарынан 1988 жылы туған ер адам мен 2014 жылы туған бала суға құлаған.

Құтқарушылар оқиға орнына жедел жетіп, зардап шеккендерді құтқарып оларды жағаға жеткізді.

Құтқарылған азаматтар медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ.