
Шығыс Қазақстан облысында ТЖМ авиациясының экипажы шұғыл санитариялық рейс орындап, жаңа туған нәрестені Шемонаиха қаласынан облыс орталығына мамандандырылған медициналық көмек көрсету үшін жеткізді.
Ұшу барысында нәрестені санитариялық авиация мамандары алып жүріп, оның жағдайын үздіксіз бақылауда ұстады. Әуе кемесі экипажы мен медицина қызметкерлерінің үйлесімді жұмысының арқасында тасымалдау жедел әрі қауіпсіз жүзеге асырылды. Нәресте мамандандырылған медициналық мекемеге дер кезінде жеткізілді.
ТЖМ авиациясы әр минут маңызды болған кезде шалғай елді мекендерден науқастарды жедел жеткізуді қамтамасыз етеді.