Қауіпті қалыңдық

Қауіпті қалыңдық

         ШҚО ТЖД құтқарушылары суайдындарына «аңшылыққа» аттанды, тек олар  балық аулау үшін бармады. Ұлан ауданының суайдындарының бірінде ТЖ-лықтардың назарына қыстағы балық аулаушылар түсті. Мұз үстінде деп айту әрине қиындау, себебі мұздың қатқаны міне ғана. «Суайдындарындағы қауіпсіздік ережелерінің  44-тармағының 8) тармақшасына сәйкес мұздың қалыңдығы 10 см-ден кем болмаған кезде ғана қауіпсіз саналады. Ол үшін кем дегенде екі апта бойы аяз болуы тиіс. Айта кететіні жыл басынан бері Шығыс өңірінде 6 балықшы суға батып кеткен. Олар қауіпсіздік ережелеріне немқұрайлы қарап, жұқа мұзға шыққан болатын.

         Суайдынындағы 20 адамның арасында тек қана екеуінде қауіпсіз балық аулауға қажетті барлық заттары болды, қалғандары өз өмірлерін бәске тігіп, мұзға шыққан. Сондай-ақ кейбір балықшылар балық аулау орнына мұз үстімен көлікпен барып жатады, бұл өте қауіпті.

         ШҚО ТЖД мен Ұлан ауданының ТЖБ құтқарушылары балықшыларға түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, өңірде суға кеткен балықшылар туралы айтып берді, қауіпсіздік ережелері жазылған жадынамалар таратып, мұздың қауіпті жағдайы туралы ескертті.

ТЖ мамандары осындай рейдтердің жазатайым оқиғалардың профилактикасы ғана емес сонымен қатар балықшылардың әлі де қатпаған мұзға шықпауына ой салудағы маңыздылығын атап өтеді.

ШҚО ТЖД қауіпсіздік мақсатында мыналарды ескертеді:

  1. Балық аулаушылар мұз бетіне шыққан кезде көп шұқыр қазуға болмайтынын және бір орынға көп адам жиналуға болмайтынын есте сақтауы қажет.
  2. Ұзындығы 12-15 метр арқан алып, бір ұшында ілмек жасау керек.
  3. Мұз бетімен шаңғымен жүрген кезде шаңғы ізімен жүру керек.
  4. Мұзға шығар алдында өзің туралы ақпаратты туыстарға, таныстарға қалдырып, ауа-райын бақылау керек.
  5. Өзіңмен бірге қуаты толық телефон қажет.
  6. Балық аулауға таңдалып алынған орынды жақсы білу керек.
  7. Құтқарушылардың көмегі қажет болса «112»-ге қоңырау соғыңыз.

Ал егер мұз жарылып кетсе не істейсіз? Көмекке шақырыңыз, байбалам салмаңыз. Мұз шетіне денемен жатпаңыз – бұл мұздың одан әрі ойылып  кетуіне әкелуі мүмкін. Денені мұздың шетінен алысқа шығаруға тырысыңыз, көлденеңінен жатып, су бетінде қалуға тырысыңыз. Одан кейін аяқпен итеріліп мұз бетіне шығуға талпынып көріңіз. Мұз бетіне шыққан соң келген жағыңызға қарай жылжыңыз.

Мұзға түсіп кеткен адамға қалай көмектесу керек? Көз алдыңызда мұз жарылып, адам құлап кетсе көмекке келе жатқаныңызды айғайларп айтыңыз. Зардап шегушіге еңбектеп келу керек. Шаңғының үстіне жатып алып барсмаңыз тіпті жақсы. Мұй ойығына дейін 3-4 метр қалғанда зардап шегушіге шарф, арқан, белдік, тақтай, сырық – қолыңызға түскен затты беріңіз.

Балық аулау өте қызықты хобби болса да құтқарушылардың кеңесіне немқұрайлы қарап, өз өмірлеріңізді бәске тікпеңіз.

ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің ақпараты