Қауіпсіздік шаралары туралы интерактивті сабақ

Қауіпсіздік шаралары туралы интерактивті сабақ

Өскелең ұрпақтың заманауи қоғамдағы қауіпсіздігінің маңыздылығын ескере отыры ШҚО ТЖД және Өскемен қаласының құтқарушылары қауіпсіздік ережелері бойынша оқытудың жаңа әдістерін жалғастыруда.

      Мамандар ZOOM  режимінде өрт қауіпсіздігі, мұздағы іс-әрекеттер мен жер сілкіну кезіндегі іс-қимылдар тақырыбы бойынша ашық сабақтар ұйымдастырды.

      Оқушыларға басты назар  тұрмыста, қыстыгүні мұзда және ТЖ кезінде қалай әрекет ету қажеттігіне назар аударылды.

      Оқушылардың реакцияларына және қойған сауалдарына қарағанда осындай интерактивті сабақтар өте ұнады және қажет.

      Оқушылармен тікелей сөйлесу әр баланың санасына қауіпсіздікті сақтау қажеттігінің қаншалықты маңызды екенін жеткізуге мүмкіндік береді және қауіпсіз іс-қимыл мәдениетін қалыптастырады.

ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің ақпараты