Құтқарушылардың ерекше бақылауында — шағын көледі кемелердің қауіпсіздігі

Құтқарушылардың ерекше бақылауында — шағын көледі кемелердің қауіпсіздігі

1 шілдеден бастап ШҚО ТЖД қызметкерлері өңірдің су айдындарында шағын көлемді кемелерді пайдалану қағидаларының сақталуын бақылау мақсатында рейдтік іс-шаралар жүргізуде.

Құтқарушылар кеме жүргізушілерінің құжаттарын, жүзу құралдарының техникалық жай-күйін, жолаушылардың құтқару кеудешелерімен қамтамасыз етілуін және жүзу қағидаларының сақталуын тексереді. Сонымен қатар, кеме иелері мен демалушылар арасында профилактикалық-түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Шомылу маусымы басталғалы бері заңнама талаптарын бұзудың 10 дерегі анықталды. Құқық бұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

ШҚО ТЖД еске салады: шағын көлемді кемелерді пайдалану қағидаларын сақтау — судағы қауіпсіздіктің басты кепілі.