Кәсіпкерлердің назарына!

Кәсіпкерлердің назарына!

Жыл сайын аудан аумағында орналасқан жеке кәсіпкерлік субъектілеріне тиісті әртүрлі нысандарда 7-8 өрт оқиғасы тіркелініп тұрады.

2019 жылы осындай нысандарда 6 өрт , 2020 жылдың өткен мерзімінде 7 өрт оқиғасы орын алған.

    Орын алған өрттердің  шығуының себептеріне келетін болсақ көбінесе олардың шығуына электр құралдары мен желілерін, жылыту пештерін пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу, қасақана өртеу, отқолдану жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтамау себеп болып келеді.  Общий материальный ущерб от пожаров приблизился к двадцати миллионам тенге.

Орын алған өрттердің соңғысы 2020 жылдың 11 қарашасында Самар ауылында орналасқан күнбағыс майын айыруға арналған цехтардың бірінде болған.Өрттің аумағы 50 шаршы метрді құрады.Өрттен май айыру цехының құрал жабдықтары мен ғимараттың ағаш конструкциялары жойылған.

Өрттің шығу себебі электр желілерін орнату кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау екені анықталды.

          Құрметті кәсіпкерлер.

Сізге тиеселі нысандардағы өрт қауіпсіздігі ережелерін қажетті деңгейде ұстамау үлкен материалдық шығынға сонымен қатар адамдардың өміріне нұқсан келтіруі мүмкін.

                Өрттердің шығуын алдын-алу мақсатында өрт қауіпсіздігі ережелерін мұқият сақтау яғни объектіні өртке қарсы құралдарымен, кем дегенде 2 өрт сөндіргішпен, автоматты дабыл жүйесімен және телефон байланысымен қамтамасыз ету керек.Электр желілерінің және құралдарының жағдайына аса көңіл бөлу қажет, яғни электр желілерінің қосылған жерлері арнайы қысқыштармен, балқыту түрімен жасалынуы керек, электр жүргізу бөліктері мен автоматтары жанбайтын негізде орнатылуы шарт. Электр шырағдандардың плафондары болуы керек.

Есіңізде болсын эвакуациялық шығу жолдарындағы есіктер шығу бағытымен ашылуы керек, Сауда залдары мен эвакуация жолдарын жанғыш заттармен  әрлеуге жол берілмейтінін есте сақтаңыздар.

Сонымен қатар объектідегі қызметшілер мен жұмысшыларды өрт қауіпсіздігі ережелері және өрт кезінде іс-қимыл туралы нұсқаулықтан үнемі  міндетті түрде өткізу қажет. Одан басқа объектіде  келесі ұйысдастырушылық құжаттар болуы қажет;

Жұмыс орнындағы өрт қауіпсіздігі ережелері туралы нұсқаулық журналы

Өрт қауіпсізідігіне жауапты тұлғаны белгілеу туралы бұйрық;

Өрт қауіпсіздігі тәртібін белгілеу туралы бұйрық;

Өрт кезінде кезекші персоналдың қызметін анықтайтын нұсқаулық

Өрт шыққан кезде өрт туралы хабарды 101 телефон номеріне хабарлап, өрттің мекенжайы және өзі  туралы ақпаратты  ұсыну қажет

        Төтенше жағдайлар орын алған жағдайда кез-келген ұялы немесе телефон операторының номерінен келесі  жедел қызмет органдарының диспетчерлік пункттеріне хабарласуға болады :  101 (өртке қарсы қызметі), 102 (полиция бөлімі), 103 (жедел медициналық жәрдем қызметі), 104 (газ қызметі).

Көкпекті ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі