Капот астындағы жалын

Капот астындағы жалын

Осыдан бір сағат бұрын, Семей қаласының Геодезическая көшесіндегі ұақытша тұрақтағы, 1998 жылғы "ВАЗ 21074" маркалы автокөлігінде өрт шыққан.

Жалпы ауданы 6 ш.м. мотор бөлігінің, салонның жанатын бөлшектері, аспаптар панелі, алдыңғы дөңгелектердің шиналары жанып кетті, өрттің алдын ала болжамы - қауіптілігі жоғары агрегатпен абайсыз жұмыс істеу.

ШҚО ТЖД мамандарының мәліметінше, Шығыс Қазақстан облысында 2020 жылдың басынан бастап 174 көлік өрті болды.

ШҚО ТЖД мамандары түсіндіргендей, заманауи автокөлік 5-6 минут ішінде түк қалмай жанып кетеді, бұл көбінесе көлік иесінің көз алдында болады. Көліктен тек қаңа темір қаңқасы мен қозғалтқышы қалады. Күтпеген жерден ескі отандық автокөлік те, жаңа шетелдік көлік те жануы мүмкін. Сонымен, автомобильдер неге жанып жатыр? Көбінесе өрт қозғалтқыш бөлігінде, сирек - автомобиль салонында, жекелеген жағдайларда - автомобильдің жүріс бөлігінің элементтерінің үйкелуінен басталады, мысалы, қозғалыс кезінде қандай да бір подшипник немесе дөңгелек сыналғанда. Өрт сөндірушілер автокөлік жүргізушілеріне капоттың астына жиі қарауға кеңес береді. Өрттің себебі отын мен басқа сұйықтықтардың ағуы болуы мүмкін. Машиналар тамшылап тұрған майдан жанған жағдайлар бар. Қосылған жерлерде ағып кету пайда болады, жанғыш қоспалары қозғалтқыштың қыздырылған бөліктеріне түседі, бензиннің буы кішкене ұшқыннан лап етіп шығады. Әрі қарай, бәрі жүргізушінің жылдамдығына және қолындағы сенімді өрт сөндіргішке байланысты. Жазға қарағанда, қыста отынның ағып кетуіне байланысты автомобиль өрттері едәуір көп болады.

Аязда кейбір автокөлік жүргізушілері, тоқтаған кезде қозғалтқыш тез суымау үшін оны киізбен, көрпемен жабады. Нәтижесінде қозғалтқышты жылытуға аз бензин жұмсалады. Бірақ өрт қауіпсіздігі ережелеріне сәйкес бұлай істеуге болмайды. Мұндай көрпе, киіз жүргізушімен қатал әзіл ойнауы мүмкін. Мата қозғалтқышқа тиіп, қызады және ерте ме, кеш пе түтіндейді. Сонымен қатар уақыт өте келе киізге бензин буы сіңіп, содан кейін ол автокөлікпен бірге жанып кетеді. Қозғалтқыштың өзін емес, капот қақпағының ішкі жағын арнайы бекітпелермен бекіту керек. Машиналар жиі жылытқыш қоректенетін розеткалардан, сонымен қатар қыздыру лампалардан жанады.

Өрттен қалай сақтануға болады?

* Техникалық байқаудан уақытында өту .

* Магнитола, дабылды, қозғалтқышты алдын ала тек мамандандырылған орталықтарда іске қосу қажет.

* Егер газ қондырғысы болса, оны мезгілмен мамандандырылған шеберханадан өткізіп, газ иісі пайда болған жағдайда дереу беру жүйесін жауып, маманға хабарласыңыз.

* Автомобиль салонында әрқашан жарамды өрт сөндіргіш болуы тиіс.

Өрт кезінде 101, 112 номерлеріне хабарласуды сұраймыз.

 

ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің акпараты