Құтқарушылар мен орманшылар орман аймағындағы рейдтерді күшейтті

Құтқарушылар мен орманшылар орман аймағындағы рейдтерді күшейтті

Облыс аумағында қалыптасқан құрғақ әрі ыстық ауа райына байланысты төтенше өрт қаупі сақталуда.

Шығыс Қазақстанда өрттердің алдын алу мақсатында 48 мобильді топ жұмыс істеуде. ШҚО ТЖД бөлімшелері полиция қызметкерлерімен және жергілікті атқарушы органдардың өкілдерімен бірлесіп 500-ге жуық профилактикалық рейд жүргізді. Нәтижесінде 166 құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Бүгінгі таңда облыста 22 орман өрті және 38 дала өрті тіркелді.

Қазіргі уақытта Самар, Күршім, Зайсан және Катонқарағай аудандарында өрт қаупінің 5-сыныбы сақталуда.

Әуе арқылы бақылау жүргізу үшін ұшқышсыз ұшу аппараттары пайдаланылады. Сондай-ақ ауқымды профилактикалық жұмыстар жүргізіліп, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен 117 дөңгелек үстел және халықпен 129 кездесу ұйымдастырылды.

ШҚО ТЖД азаматтарды өрт қауіпсіздігі қағидаларын сақтауға шақырады.

Ерекше өртке қарсы режим кезеңінде орман аумақтарында болуды шектеңіз.

Ашық отты пайдалануда абай болыңыз, от жақпаңыз және шөпті өртеуге жол бермеңіз.

Табиғи өрттердің негізгі себептері – халықтың отпен абайсыз әрекет етуі, сөндірілмеген темекі тұқылы, алау, жанып тұрған сіріңке, май сіңген шүберек, күн сәулесін шағылыстыратын шыны бөтелке, көлік құралдарының сөндіргішінен шыққан ұшқындар, құрғақ шөпті өртеу және найзағай разрядтары.

Өрт анықталған жағдайда дереу «112» нөміріне хабарласыңыз.